Биыл Алматыда қисайған 10 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Зерделі» шағынауданында қисайып кеткен көпқабатты үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 2022 жылы 7 үйдің іргетасы нығайтылады. Бұл туралы Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы көпқабатты 7 үйдің, биыл 10 үйдің іргетасын нығайттық. Бүгінгі таңда 30 үйдің 23-і қайта қалпына келтірілді. Ал қалған 7 үйді келесі жылға жоспарлап отырмыз», - деді Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев.

Еске салайық, 2019 жылы Алатау ауданындағы «Зерделі» шағынауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік оларды көшіруге дайын екенін жеткізді.

Аталмыш шағынауданда орналасқан барлық 32 көпқабатты тұрғын үйге тексеру жүргізу үшін 312 миллион теңге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар