Биыл Алматыда қанша мектеп пен балабақша салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев онлайн брифинг барысында 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жылдың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын іске қосу бойынша бекітілген бағдарламалар мен тапсырмалар шеңберінде 2020 жылы 18 нысанның құрылысы аяқталған.

«Оның 10-ы жаңа құрылыс, онда 3 817 оқушы және 240 мектепке дейінгі орын құрылды. 8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан басқа, тапшылықты азайту мақсатында осы жылы 41 білім беру объектісінің құрылысы жүргізілуде, бұл биылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа оқушы және мектепке дейінгі орындарды құруға мүмкіндік береді»,-деді басқарма басшысы.

Қазір жүргізіліп жатқан құрылыс ішінде 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп және 8 263 оқушыға арналған 17 қосымша құрылыс, 2 жаңа балабақша құрылысы және 14 нысанды кеңейтумен қайта қалпына келтіру нысандары бар. Бұл мекемелердің құрылысына қаржы бөлінді.

«Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы шеңберінде, бекітілген «Жаңа Алматы» кешенді жоспарына сәйкес биыл Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 орталығын (оқушылар үйі) салу көзделген. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленуде»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар