Биыл Алматыда 205 көше жөнделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2021 жылы 200-ден астам көше жөнделді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жалпы ұзындығы 200,8 шақырым болатын 205 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Инженерлік желілерді көшіру, тротуарларды, арық желілерін тарту және сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта люктер мен торларды көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмысты осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда»,- дейді Серік Құсайынов.

Төле би көшесі бойымен Байтұрсыновтан Яссауиге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, тротуарлар мен арық желісі ішінара жөнделді.

«Қазіргі кезде Төле би көшесінің учаскесінде Әуезов көшесінен Брусиловскийге дейінгі бордюрлер орнатылды. Сондай-ақ, Розыбакиев көшесінен Каримов көшесіне дейін екі бағытта да Аносов көшесінен шығатын көліктер үшін айналма жолдар салынды»,- дейді ол.

Спикер жақын арада көлік және коммуникациялар ҒЗИ Алматыда велоинфрақұрылымды дамыту стратегиясын ұсынатынын, онда велоинфрақұрылым объектілерін жобалау, салу және пайдалану бойынша ұсынымдар көрсетілетінін мәлім етті.

«2030 жылға дейін 185 шақырымнан астам веложол салу жоспарлануда, бұл олардың ұзындығын 2,5 есеге (262,8 км-ге дейін) арттырады және бүкіл қаланы өзара байланыстырады»,- дейді Алматы әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар