Биыл Алматыда 172 шақырым тау соқпағы абаттандырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Аюсай шатқалындағы тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынған визит орталықты аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шатқалда жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін визит орталық салынды, мұнда туристер қажет ақпаратты, тауда жаяу серуендейтін тауарларды, кәдесыйлар мен азық-түлік ала алады.

Жоба – санитарлық-гигиеналық орталығы, тамақтану пункті, жазғы террасасы және ақысыз Wi-Fi бар туристік ақпарат орталығы.

Мұнда әр турист туристік бағыттар, соқпақтар, ұлттық парктегі нысандардың байланыс мәліметтері туралы ақпаратты алады.

Визит орталықта қауіпсіз демалыстың негіздерін түсіндіру үшін жабайы табиғаттың «Тамыр» мектебі ашылған.

Еріктілер мен кәсіби альпинистер ақысыз дәрістер оқиды. 700 турист қауіпсіздік және табиғатты қорғау бойынша оқытудан өтті.

Белсенді 20 қала тұрғыны еріктілер қозғалысының көшбасшысы болып, ұлттық паркті көгалдандыруға, тау жолдары мен алаңқайдағы тәртіпті сақтауға көмектеспек.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар Үлкен Алматы шатқалындағы Іле-Алатау ұлттық саябағында экологиялық туризмді дамыту жобаларымен танысты.

Визит орталықта ақпараттық қызмет пен санитарлық-гигиеналық қондырғыны орналастыру қарастырылған. Консультанттар серуендеу ережесі, бағыттар және ерекше орындар туралы айтып береді.

Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенін тамашалайтын алаң жабдықталады. Басты талап – ауыз су көзі мен іргелес аумақтың экологиялық теңгерімін сақтау.

Алматы тау кластарін дамыту аясында соңғы 4 жылда 1000 шақырымнан астам таулы бағыт цифрландырылды.

Оның ішінде ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды.

Цифрландырылған бағыттар интернет желісінде және оффлайн режимде GPS Ranger және 2Gis навигаторларында қолжетімді.

2021 жылы қосымша 172 шақырым тау соқпағын жақсарту жоспарланып отыр.

Қала әкімі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жанындағы саябақтың абаттандыру жұмысын тексерді.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың беткеұстар нысанын реконструкциялауда объектінің тарихи және сәулеттік құндылығы сақтала отырып өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, «4 чаши» фонтаны мен «Каскад» субұрқақ кешенің сырты тазартылады және олар жарықтандырылады.

Сондай-ақ, «Неделька» субұрқақ кешені доғасының сыртқы түрі мен элементтері қалпына келтіріледі.

Сонымен қатар, театрдың басты кіреберісіндегі фонтандар мен шамдар қалпына келтіріледі, кіші архитектуралық пішіндердің тарихи стильдері реттеледі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде әлеуметтік қызмет көрсету үйінің дайындығын тексерді.

Ғимаратты әлеуметтік қызмет көрсету үйі ретінде реконструкциялау жобасы аяқталып қалды.

Қазіргі кезде жиһаздар мен интерьердің қажеттері бұйымдары қойылуда.

Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет көрсетіледі.

Бірінші қабатта әлеуметтік қызметтер көрсету үшін әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, БЖЗҚ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің өкілдері орналасады.

Жоғары қабатта бейінді басқармалар жайғасады.


Соңғы жаңалықтар