Биыл Алматыда 1400-ден астам адамды ит қапты
2022 жылғы 25 мамыр 17:51

Биыл Алматыда 1400-ден астам адамды ит қапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2021 жылы Алматыда 3500 адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен. Жыл басынан бері мегаполисте 1400 -ден астам адамды ит қауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда ит қабу фактілері болды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен жылы 3500-ге жуық жағдай тіркелген. Барлық ақпарат біздің қызметке дереу түседі, біз қаңғыбас иттерді шұғыл ұстаймыз. Биыл Алматыда 1400 -ден астам адамды ит қапқан. Басым бөлігі қаңғыбас иттер», - деді Алматы қалалық ветеринария қызметінің басшысы Әдіс Сейдақматов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Алматы қаласының аумағында ит пен мысыққа құтыруға және эхинококкозға қарсы вакцина салынатынын жеткізді. Еске салайық, сәуір айында Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Оның аясында 15 мың үй жануары қамтылмақ.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT