Биыл Алматыда 12 жаңа өндіріс іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылы Алматының Индустриалды аймағында 12 жаңа өндіріс іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібінің салаларына жатады.

Биыл скотч, тоңазытылған қамыр, кабл өнімдерінің, медициналық мақсаттағы өнімдердің, полимерлік бұйымдардың және т.б. өнімдердің өндірісі басталады. Бұдан басқа, өнеркәсіп аймағының аумағында көкөніс өсіру бойынша жылыжай кешенінің, сондай-ақ табиғи тасты өңдеу бойынша зауытының құрылысы аяқталады. Бұл туралы «Алматының индустриалды аймағы» ЖШС директоры Әділ Бөрлібаев айтты.

Мысалы, «GROUP NAK 8» ЖШС тоңазытылған қамыр шығаратын кәсіпорын әрі қарай нан, бөлке, кішкентай бәліштер, маффиндер, тоқаштағы басқа  өнімнің 60 түрін шығаратын болады. Зауыт тәулігіне 2 мың кг тоңазытылған өнім өндіруді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жартылай дайын өнімдерді қаланың дәмханаларына, мейрамханаларына және қонақүйлеріне тарату ниеті бар. Бұдан басқа, «Әлмерек» ЖШС фармацевтикалық компаниясы шыны түтіктер, қалақшалар, гинекологиялық айналар сияқты медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін болады.

Индустриялық аймақта зауыт құрылысын салу кәсіпорынға өндіріс алаңын 3 есеге кеңейтуге мүмкіндік береді.

Құрылысқа алматылық кәсіпкерлерден басқа, шетелдік инвесторлар да тартылып жатыр.

«Бізге жапон және қытай капиталдарының қатысуымен жобалар ұсынылды. Мысалы, өндірістің орнын ауыстыруды және оны кеңейтуді қауіпсіздіктің инженерлік жүйесін шығару бойынша «Tokyo Rope Almaty» ЖШС кәсіпорны жүргізуде, ал «Asia Steel Pipe Company» компаниясы үлкен диаметрлі болат құбырларының өндірісі бойынша зауытының құрылысын жүргізуде. Индустриалды аймақтың 4 га жерінде орналасатын зауытты іске қосу үшін жапон компаниясы шамамен 3,6 млрд теңге салды. «Asia Steel Pipe Company» көлемі 33 млрд теңгені құрайтын 17,6 га жер телімін алды», - деді аймақ директоры.

Оның айтуынша,  аймақтың дайын инфрақұрылымы бар жер телімін алу резиденттер үшін  тиімді мүмкіндік болып отыр.

Резидент жер телімін 3 жылға дейін жалға ала алады, оны жекеменшікке сатып ала алады және жер телімін заттай грант ретінде, яғни тегін ала алады.

Бұдан басқа Әділ Бөрлібаев Алматының Индустриалды аймағының бизнеспен қатар, қалалықтар үшін де мультипликативтік тиімділігі туралы  айтып берді. Атап айтқанда, кәсіпорынды іске қосу шамамен 5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, өндірілетін өнім ішкі нарықта өткізілетін болады, бұл импортты ауыстыру мәселесін ішінара шешеді.

Сондай-ақ, көптеген кәсіпорындар экспортқа бағытталған, тауарларды алыс және жақын маңдағы шетелдерге жеткізу жүзеге асырылатын болады.

«Мұндай ауқымды жобаның мақсаты - Алматы агломерациясының шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын қаладан тыс жерге шығару. Келешекте бұл қаланың орталық аудандарындағы көлік жүктемесін төмендетеді және қаланың экологиялық жағдайын жақсартады, - деп қорытындылады Бөрлібаев.

Соңғы жаңалықтар