+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Биыл Алматыда 1 291 бизнес жоба субсидияланды

2021 жылғы 27 қазан 13:42
Бөлісіңіз:
Биыл Алматыда 1 291 бизнес жоба субсидияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Даму» қоры 2021 жылдың 9 айында 1 291 бизнес-жобаны субсидиялады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Светлана Назарюк мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 140 млн теңгенің субсидиясын заңсыз алған шаруа ұсталды

Светлана Назарюктің айтуынша, пандемия қор қызметтерін цифрландыру процесін жеделдетті.

«Шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қолдау барынша қолжетімді. Барлық бизнес-процес цифрландырылып, автоматтандырылған. Қазіргі уақытта бизнес-процестердің 94%-ы автоматтандырылған. «Даму» е-Gov порталында қаржылық қызметтерді ұсынатын алғашқы квазимемлекеттік компания», - дейді спикер.
2019 жылы қор өзінің Online-Damu платформасын іске қосты. Барлық өтінімдер онлайн режимде қабылданады. Субсидиялау шарттарына электрондық тәсілмен де қол қоюға болады. Мұндай цифрландыру клиенттер үшін ыңғайлы болып қана қоймай, процестердің ашықтығына кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Спикердің сөзінше, 2021 жылдың 9 айында жалпы несие сомасы 130,04 млрд теңге болды. 1 291 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды және 15,3 млрд теңге субсидия төленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда тоғыз есе көп.
«Алматы қаласы несиелендіру сомасы бойынша өңірлер арасында көшбасшы. Оның ішінде несиелер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау шеңберінде 4,17 млрд теңге несие сомасына 806 жобаға, ал екінші бағыт шеңберінде 125,87 млрд теңге сомасына 485 жаңа жобаға қолдау көрсетілді», - деді Светлана Назарюк.
«Даму» қоры филиалының директоры пандемия кезінде зардап шеккен ШОБ субъектілеріне субсидия беру аясында Алматыда бірінші толқын аясында 1,5 млрд теңге сомасына 825 шартқа; екінші толқын аясында – 570 млн теңге сомасына 273 шартқа; үшінші толқын бойынша – 428 млн теңге сомасына 337 шартқа қол қойылғанын айтты. Барлығы 2,5 млрд теңгеге 1 435 келісімшарт жасалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындай отырып, «Даму» қоры 2021 жылдың 9 айында жалпы несие сомасы 24 386 млн теңгеге 879 кепілдік берді, кепілдік сомасы 11 082 млн теңге. Қаржыландырылған жобалардың құрылымында өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, сондай-ақ қызмет көрсету салалары басым. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы (басым жобаларды кредиттеу тетігі) аясында ағымдағы жылы Алматыда 20 млрд теңгеден астам сомаға 20 жоба қолдау алды, олардың ішінде өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар басым.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT