Биыл Алматы облысының тұрғындары 13 млн теңгеге VIP-нөмір сатып алған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының тұрғындары VIP-нөмірлерге тапсырыс беріп, мемлекет қазынасын 13 миллион теңгеге толтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісудың көлік иелері жыл басынан бері 42 «сәнді» нөмірге тапсырыс беріп, мемлекет пайдасына 13 678 324 теңге төлем жасаған.

«Өткен жылы ел азаматтары 15 мыңнан астам VIP-нөмір сатып алуға 4 млрд теңге жұмсаса, Алматы облысының халқы цифрлық сериясы VIP-нөмірге жататын 550 автокөлік нөмірін сатып алды. Осылайша мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 168 434 175 теңге пайда әкелді», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өңірдегі полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, VIP-нөмірге деген сұраныс артып келеді. Әсіресе 555, 777, 005 және 007 сандарынан құралған қымбат нөмірлерге тапсырыс көп түседі. Жалпы, VIP-нөмірлерді сату 2014 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енгізілген.

Соңғы жаңалықтар