Биыл Алматы облысындағы жалғыз моноқалаға көгілдір отын тартылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жалғыз моноқала - Текеліге биыл көгілдір отын тартылады. Қазіргі таңда Талдықорған қаласынан жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімі Бақтияр Өнербаев тұрғындар алдындағы есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, шаһардың инвестициялық және туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Қала маңынан инвесторларға туристік нысандар салуға 3 гектарға жуық жер қарастырылған. Есептік кезеңде Үкімет деңгейінде көтерілген Текелінің экологиялық мәселесі де шешімін тапты. Тау-кен байыту комбинатының ескі қалдық төгетін қоймасын жауып тастау үшін республикадан қаржы бөлінді. Сонымен қатар  кеншілер қаласының  әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында «Достық» шағын ауданында 80 пәтерлі жалдамалы үйдің құрылысы аяқталғанын мәлім етті. Енді кезекте тұрған адамдарға пәтер кілттерін  ақпан айында тапсыру жоспарланып отыр.

«Облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаражат бөлініп, Талдықорған-Текелі жолында магистральді құбыр жүргізілуде. Бұл жұмыс 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады. Қазір жеке кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Текелінің  ішкі газ тасымалдайтын құбырларын салу, жобалау мәселесімен айналысудамыз. Жалпы, 2017 жылы Кеншілер қаласына 5,4 млрд инвестиция тартылды. Оның 76 % бюджеттен тыс қаржы», - деді  Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.

Соңғы жаңалықтар