Биыл Алматы облысында бірде-бір жетімге пәтер берілмеген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында бірде-бір жетімге пәтер берілмеген. Мұндай сұмдық жайтты арнайы тексеріс кезінде Алматы облысының прокуратурасы анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сондай-ақ балалар үйінде тәрбиеленушілердің тағамдарын 3 есе аз бергені де анықталды. Бұл факт Шелек балалар үйінде, Талғар қаласындағы «Аяла», Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқор» үйінде орын алған.

null
Балалар үйінде өзге де жаға ұстатарлық жайттардың беті ашылды. Анықталғандай Жаркент қаласындағы мектеп-интернаттың директоры еш негізсіз медальдар мен сертификаттар сатып алған. Әрбір медальдің бағасы 200-500 мың теңге көлемінде.  Осыған ұқсас жағдай «Аяла», «Талғар», «Қамқор» балалар үйлерінде де орын алған. Тіпті балалар үйлерінде миллиондаған қаржыға алынған құрылғылар да қолданылмаған жайттар кездескен. Мәселен, «Қамқор» балалар үйінде бес жылдан бері құны 2,5 млн теңге тұратын қондырғы қолданбаған. Ал «Шелек» балалар үйі осыдан бір жарым жыл бұрын алған «Биоптрон» аппараты тіпті алынған қорабынан да шығарылмаған. Осындай сұмдық фактілерді өзінің баяндамасында Алматы облысы прокуратурасының  басқарма басшысы Сәбит Чембеков мәлім етті. Аталған жайт жиынға қатысып отырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жағасын ұстатты. «Жетімдердің ақшасын жегендер, құдайдан қорқыңдар!», - деді облыс әкімі.

null 

Сондай-ақ, прокурор С. Чембеков 2014-2015 жж. аралығында 3 мыңнан аса ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тек 226-сы мемлекет тарапынан үй алғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар