USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Биыл Алматы облысы әкімінің білім гранты көбейеді

2018 жылғы 19 наурыз 14:16
Бөлісіңіз:
Биыл Алматы облысы әкімінің білім гранты көбейеді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Былтыр Алматы облысы әкімінің 100 білім гранты бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш екі есеге өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарованың айтуынша, тегін білім грантына облыстың кез-келген түлегі үміткер бола алады.

«Егер түлек жинаған ҰБТ дегі балымен ЖОО-на түсе алмаса, біздің әкімінің грантына қатысуға мүмкіндігі бар. Арнайы комиссияға құжаттарын өткізеді. Біз биыл ауылшаруашылық, техникалық және педагогикалық мамандықтарға басымдық беріп отырмыз. Және отбасылық жағдайы төмен түлектердің жағдайына қарап, олардың тегін білім алуына барынша қолдау көрсетеміз. Ал түлектер әкімнің гранты арқылы еліміздің кез-келген ЖОО-на түсе алады», - деді М.Омарова.

Жалпы биыл Алматы облысы бойынша 16 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Оның 13 мыннан астамы қазірден ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірген.

«Өткен жылы 8000-нан астам оқушы ЖОО түссе, соның 3800 түлегі грант иегері болған. Биыл сол межеден асамыз деген ойдамыз. Себебі облыс әкімі тарапынан өткен жылы 100 білім гранты бөлінсе, биыл қосымша тағы 100 грант бөлу жоспарланған», - деді М.Омарова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT