Биыл алғаш рет Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама дайындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ҮЕҰ-лар жобаларын жоспарлау тәсілі қайта сарапталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы, сондай-ақ, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешудегі үкіметтік емес сектордың рөлін және азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жаңғырту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, министрлік қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және құрамын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Қазіргі уақытта 102 қоғамдық кеңес құрылған, 111-і қалыптасу барысында. Сонымен қатар, жаңартылған құрамдарды қалыптастыру кезінде белсенді үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін, партиялар мен азаматтық белсенділерді барынша тарту ұсынылады», - деді А. Умаров.

Оның айтуынша, биыл алғаш рет Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама дайындалады. Онда қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігіне және оның одан әрі дамуы перспективаларына талдау жасалатын болады.

«Осыған қоса, біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ҮЕҰ-лар жобаларын жоспарлау тәсілі қайта сарапталады. Мәселен, қазіргі таңда Парламентте тиісті заң жобасы қаралуда, ол ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың сапасы мен ашықтығын айтарлықтай дәрежеде жақсартатыны анық. Екіншіден, елді дамытудың өзекті міндеттері мен мәселелерін шешу үшін белсенді азаматтарды тарту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҮЕҰ-ны оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тарту тетіктері жетілдірілетін болады», - деді министр.

Сонымен қатар, Парламент қабырғасында азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының сапалы жаңа қағидаттарын қалыптастыратын «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы талқылануда.


Соңғы жаңалықтар