Биыл әлеуметтік жағдайы нашар 9 мың адамға 1,3 млн теңгеден грант беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын азаматтарға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант беру жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрінің орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, мұндай грант жыл бойында төрт лекпен үлестірілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы гранттармен 9 мың адам қамтылады. Грантар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына беріледі. Гранттардың мөлшері – 400 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,3 млн теңге», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Вице-министрдің мәліметі бойынша. гранттар лек-лекпен бөлінеді.

«Осы аптада бірінші лек бойынша құжат қабылдау басталды. Бұл лекте 2,6 мыңнан астам грант беру жоспарланған. Биыл кемінде 4 лекпен грант беріледі. Құжаттар онлайн режимде Business.enbek.kz арқылы қабылданады», - деді Олжас Ордабаев.


Соңғы жаңалықтар