Биыл әлеуметтік баспана кезегінде астаналықтарға 6 мыңдай пәтер беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Есіл ауданы тұрғындарымен кездесуінде биыл әлеуметтік баспана кезегінде астаналықтарға 6 мыңдай пәтер берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Мен жалдамалы пәтерде жүрген көпбалалы анамын. Арендалық баспана қашан берілетінін білгім келеді. 2021 жылы бюджеттен 259 пәтерге ақша бөлінген. Сол әлі берілген жоқ. Әлеуметтік кезектегі нөмірім – 1660», - деді қала тұрғыны.

Қала әкімі бірінші кезекте бұрнағы жылдардан бері кезегі келмей жүрген азаматтар пәтер кілтін алатынын айтты.

«Биыл 500 пәтер көпбалалы отбасына беріледі. Сіз айтып отырған 259 пәтерге қосымша 500 пәтер беріледі деген сөз. Жалпы қала бойынша әлеуметтік кезекте тұрған азаматтарға 6 мыңдай пәтер беріледі.

Сіз сұрап отырған алғашқы 200 пәтер мамыр айының аяғына дейін беріледі», - деді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар