Биыл әлемде жұмыссыздар саны 3 млн-ға артады – статистика

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization) «Әлемдік жұмыспен қамту және әлеуметтік перспективалар: 2023 жылғы үрдістер» есебіне сенсек, биыл әлемде жұмыссыздық деңгейі арта түспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Аталған ұйымның дерегіне сәйкес өткен жылдың соңында әлемдегі жұмыссыздар саны 205,2 млн адам болған.

Бұл - 2021 жылмен салыстырғанда 11,2 млн, ал пандемия басталған 2020 жылға қарағанда 30 млн аз. Дегенмен пандемияға дейінгі (2019 жыл) кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 13,3 млн адамға артық.

Халықаралық еңбек ұйымының биылғы болжамы бойынша әлемде жұмыссыздар саны 3 млн-ға өсіп, 208,2 млн адамды құрайды, ал 2024 жылы 210,9 млн адамға дейін ұлғаймақ.

Былтыр әлемдегі жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,2%, ал пандемия басталған жылға қарағанда 6,9% төмен. Бірақ 2019 жылмен салыстырғанда 5,5% жоғары.

Сонымен қатар, ХЕҰ болжамына с»йкес 2023-2024 жылдары жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалады (5,8%).

Гендерлік тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі бойынша аса ерекшелік жоқ. Былтыр әйелдер арасында 5,8%, ал ерлер бойынша 5,7% құрады.

Егер 2023-2024 жылдары жұмыссыз ерлер көрсеткіші өзгермесе, онда 2024 жылы әйелдер арасында жұмыссыздық ұлғайып 5,9% жетеді.

Табысы әртүрлі мемлекеттер бойынша өткен жылы жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі табысы жоғары елдерде байқалды (4,5%). Сонымен қатар ХЕҰ аталған көрсеткіш биыл 4,9%-ға және 2024 жылы 5%-ға дейін деген болжам бар.

Одан кейін табысы төмен елдер орналасқан жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады. Ал 2023-2024 жылдары ол 5,7% жетеді деп болжанған.

Табысы орташадан жоғары елдерде (Мысалы Қазақстан, Ресей, Түркия) былтыр жұмыссыздық деңгейі 6%. 2023-2024 жылдарға арналған болжам бойынша жұмыссыздық 5,8% төмендейді.

Табысы орташадан төмен елдерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі байқалды. (6,2%). Болжам бойынша алдағы жылдары ол елдерде үрдіс өзгермейді.

Макроөңірлер бойынша өткен жылы Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі (5,2%) байқалды. 2023-2024 жылдары жағдай сақталып, көрсеткіш 5,1% төмендейді деп күтілуде.

Айта кету керек, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 2022 жылы жұмыссыздық деңгейі 2,6%, Тынық мұхиты аралдарында — 3,6%, Шығыс Азияда-4,6% ал Оңтүстік Азияда 7,2% құрады.

Батыс жартышарда жұмыссыздық деңгейі орташа 5,8% тең. Биыл 6,1%-ға дейін және 2024 жылы 6,2% - ға дейін өседі деп болжануда.

Бұл ретте Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде көрсеткіш 7% құрайды, ал 2024 жылы ол 6,9%-ға дейін қысқарады.

Солтүстік Америка елдерінде (АҚШ және Канада) 3,8%, бірақ 2023 жылы 4,7%-ға дейін, ал 2024 жылы-5,1%-ға дейін өспек.

Еуропа мен Орталық Азия елдерінде өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 6,1% құрады.

Биыл және келер жылы 6,3% өсуі мүмкін. Сонымен қатар, Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш Шығыс Еуропаға қарағанда 6,3% жоғары.

Орталық және Батыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 7,7%. Алдағы жылдары Солтүстік, батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде көрсеткіш 6,6%, Шығыс Еуропада 5,1% - ға дейін, ал Орталық және Батыс Азияда 7,8% өсуі болжанады.

Африка елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі былтыр 7,1% құрады, биыл көрсеткіш өзгермейді. 2024 жылы 7%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі Солтүстік Африка елдері мен Сахараның оңтүстігіндегі елдер арасында айтарлықтай өзгермек.

Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі араб мемлекеттерінде байқалды. Былтыр 9,3% құрады.

Сонымен қатар, Парсы шығанағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне (SSAGPS) кіретін елдерде көрсеткіш тек 4% құрады.

Себебі мұнай мен газды негізгі экспорттайтын елдер (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы).

Ынтымақтастық кеңесіне кірмейтін Араб мемлекеттерінде жұмыссыздық деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі (14,3%) болып отыр.


Фото: ArTono/Shutterstock

Соңғы жаңалықтар