Биыл Ақтөбеден 1400 адам шетелге көшіп кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеден 1400 адам шетелге көшіп кетті. Ал 325 адам Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеге Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қызғызстан елдерінен келетіндер көп. Биыл 9 ай ішінде барлығы 34 мыңнан астам адам келіп, тіркелді.

«Шекара асып келгендер арасында көші-қон талаптарын бұзатын адамдар да бар. Биыл 1775 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 476 шетелдік елден шығарылды. Елімізге шетелдіктерді  алып келу ережесін  бұзған 239 қазақстандық жауапкершілікке тартылды. Ақтөбеде заңсыз  жұмыс істеген 687 шетелдік, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 102 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды», - Ақтөбе облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы Ұлбике Успанова.
Айта кетейік, барлығы 325 шетелдік Қазақстан азаматтығын қабылдады. Өңірге 402 шетел азаматы тұрақты қоныстанса, елімізден 1400 азамат басқа мемлекеттерге біржола көшіп кетті. 
Еске салсақ,  шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында Ақтөбеде көші-қон орталығы ашылды. Орталық "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар