+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Биыл Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі - әкімдік

2020 жылғы 3 наурыз 20:45
Бөлісіңіз:
Биыл Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі - әкімдік

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл Ақтөбеде 1756 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook-парақшасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік таратқан мәліметтерге қарағанда, биыл берілетін пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда 404 пәтерге артық.

«Бұны қала әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев мәлімдеді. Жиында өткен жылы жасалған жұмыстартың есебі талқыланып, 2020 жылы салынатын баспаналардың жоспары баяндалды. Мәселен, «Нұр-Ақтөбе» тұрғындар алабының №4 шағын ауданында 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталып, нәтижесінде 940 пәтер беріледі. Одан бөлек, осы аудандағы 9 қабатты №23 үйге толығымен қаражат бөлінді. Құрылыс биыл аяқталса, жалпы ауданы 10,6 мың шаршы метрді құрайтын 159 пәтер дайын болады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабының аумағынан 9 қабатты 3 секциялы №27 үй құрылысы басталатыны айтылады. Нәтижиесінде 135 пәтерді әзір ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ 2019 жылы құрылысы аяқталмаған 11 аз қабатты тұрғын үйге толығымен қаражат бөлініп, биыл 657 пәтер пайдалануға беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT