Биыл Ақтөбе облысында жолды жөндеуге қанша қаржы жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының жолдарын жөндеуге 21,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Биыл жол жөндеу саласында 21,3 млрд теңгеге 100 жобаны іске асыру жоспарланған. Республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңгеге жуық, жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлініп отыр. «Нұрлы жол, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы да осы жобалармен қамтылған. Оның ішінде жодармен бірге аулаларды жөндеу, көшелерге асфальт төсеу жобалары да бар. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғаннан бері қалада аулалар жөндеу көрмеген. Тек былтырдан бері қолға алынып жатыр. Қала тұрғындары жақсы қолдап отыр», - деген әкім биылдың өзінде 200 аулаға асфальт төселіп, көлік тұрақтары, ойын және спорт алаңқайлар жабдықталатынын атады.

«Ақтөбе үлкен қала екенін түсінулеріңіз керек. Қазір халық саны жарты миллионнан асып, 600 мыңға жақындап қалды. Ауданы да үлкен. Жөндегіміз келетін көшелердің ұзындығы 10 шақырымға дейін созылып жатыр. Мысалы, Қ.Сәтпаев атындағы көшенің ұзындығы – 9,8 шақырым. Көше соңғы 20 жылда жөндеу көрмеген. Ал Бөгенбей батыр даңғылында ешқашан бордюр де, тротуар да болмаған. Осындай 10 шақырымдық көшелер көп. Біріне тротуар, біріне бродюр төсеу керек, тағы біріне толыққанды жарық тарту қажет. Қазір №41 разьзедегі оңтүстік айналма жолың проблемасы өзекті болып тұр. Жоба үш жылдан бері созылып келе жатыр. Осныдай ауқымды жобалар бар. Биыл кірпіш зауытына апаратын жолды жөндеп бастаймыз. Ақша білнген. Үкімет бұл мәселеде қолдап отыр», - деді Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар