Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп салынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша биыл 15 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында үш ауысымды және апатты мектептерді жою жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы 6 мектеп пен облыс аудандарында орналасқан 7 мектеп үш ауысымда жұмыс істеп тұр.

«Соңғы үш жылдың ішінде облыста 48 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Олардың ашылуы үш ауысымдық оқыту мен 27 мектептегі орын тапшылығы мәселесін күн тәртібінен бірден алып тастады. Апаттық жағдайда тұрған және ескі 9 мектепті, саман кірпіштен салынған 12 мектепті жоюға мүмкіндік берді. Биыл 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Жаңа білім беру нысандарының арасында өз ерекшеліктері бар. Мәселен, дарынды балаларға арналған «Әсем» оқыту-танымдық орталығы. Балалар мұнда оқудан қол үзбей тыныға алады. Яғни, орталық жыл бойы жұмыс істейді. Оқу корпусы заманауи зертханалармен және оқу аудиторияларымен жабдықталған. Мектептер мен жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары, сондай-ақ әртүрлі салаларда табысқа қол жеткізген адамдар сабақ береді. Үш жатын корпусы, жастар орталығы, спорттық алаңдар, жеңіл атлетикамен айналысатын база орналасқан», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.null null

Жоспар бойынша 2020 жылға қарай Ақтөбе облысындағы апаттық мектептер мен үш ауысымдық оқыту мәселесі толықтай жойылады.

Айта кетейік, қазіргі кезде білім саласын оңтайландыру жұмысы да жүріп жатыр.

«Ақтөбеде мемлекеттік нормативке сай емес 58 мектеп бар. Мониторинг нәтижесін сараптасақ, соңғы үш жылда 33 шағын жинақ мектебі жабылды. Әрбір аудандық білім бөлімі 12 жылдық білім беру үлгісін ескере отырып, контингенті аз, тұрғындарының өсу динамикасы жоқ мектептерге талдау жүргізілді. Басым бөлігі Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Мұғалжар, Хромтау аудандарының үлесінде. Өткен жылы 13 бастауыш, 1 негізгі мектеп жабылды. 2019 жылы 5 мектеп жабылып, 7 мектеп қайта құрылады», - деді Ләззат Оразбаева.null

Мектептер жабылғанымен, аудандарда заманауи 7 мектеп-интернат салынады.

Соңғы жаңалықтар