+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Биыл Ақтауда су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт салынады

2021 жылғы 15 мамыр 19:39
Бөлісіңіз:
Биыл Ақтауда су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт салынады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақтауда су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін облыс әкімі С.Трұмов «Ақтау теңіз порты» экономикалық аумағында салынатын зауыттың жобасымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар
Әлемдік мұнай өндіру биылғы жылдың ортасына қарай  жылдам қарқынмен өседі – Ұлттық банк Қазақстанның 6 облысында қоқыс өртейтін зауыт салынады

Кәсіпорын мұнай өндірісіне қажетті құбырлар шығарады. Жоба құны – 14,2 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда жылына 120 мың дана сорғы штангілері мен оған қажетті 150 мың муфталар өндірілмек. Ал шығарылған өнімнің 50% ішкі нарықта қалып, қалған 50 % экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр. Тұрақты 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт биылғы маусым айында басталып, 2022 жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, өңір басшысына «Ақтау теңіз порты» АЭА №1 субаймағында салынатын тағы бір жаңа зауыттың жобасы таныстырылды. Инвестициялық жоба мұнай өндірісіне қажетті химялық қоспалар шығарады. Зауыт іске қосылғанда елімізде баламасы жоқ 20-дан астам химия қоспаларын шығаратын бірегей кәсіпорын болмақ. Зауыт жылына 8000 тонна бензалконий хлориді, полиакрил қышқылы , коррозия ингибиторы концентратын шығарады. Тұрақты 40 адам жұмыспен қамтылады. Жоба құны – 1,7 млрд теңге. 30 % компанияның жеке есебінен қаржыландырылса, қалған 70 % отандық инвесторлардың есебінен салынады. Жоба құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT