+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Биыл ақпараттық қауіпсіздікті күшейту үшін қандай міндеттер жүзеге асырылады

2021 жылғы 22 қаңтар 10:54
Бөлісіңіз:
Биыл ақпараттық қауіпсіздікті күшейту үшін қандай міндеттер жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау цифрландырылады Пәтерде қанша адам тіркеуде тұрғанын қалай білуге болады

«2020 жылы вирустық шабуылдардан, деректердің тарап кетуінен қорғайтын және мониторинг жүргізетін жүйелер енгізілді, ол ақпараттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етті. Атап айтқанда, 2020 жылы 17 ботнет, IP-адрестерде 214 осал сала жойылды, 5 жоғары және төмен белсенділіктегі желілік шабуылға жол берілмеді», - деді Азамат Әмірғалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Дегенмен, вице-министр аталған бағыттардағы жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында бірқатар міндетті жүзеге асыру қажет екенін айтты.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматқа ауыстыру бойынша шараларды қабылдасын. Әділет департаменттері жергілікті атқарушы органдармен және Азаматтарға арналған үкіметпен бірлесіп, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын мүліктің меншік иелері бірлестігі мен кондоминиум нысанын құру бөлігінде жүзеге асыруды қамтамасыз етсін», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, сарапшылардың біліктілігін арттыру, сараптаманың жаңа түрлері үшін жоғары білікті мамандармен толықтыру, сондай-ақ зерттеулердің жаңа методикаларын енгізу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерін бұзбау, олардың сапалы көрсетілуін және бизнес-процесстердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдау керек. «Digital Justice» жобаларын жүзеге асыру бойынша жол карталарының орындалуын қамтамасыз ету және министрліктің архитектурасына тиісті өзгерістер енгізу қажет.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы тармақтарының орындалуын қамтамасыз ету және E-saraptama, Е-zan komegi, Е-апостиль жүйелерін республиканың барлық аумақтарында тарату; ақпараттық қауіпсіздік бойынша бірыңғай талаптарға сәйкес осы жылдың 1-жартыжылдығының аяғына дейін операциялық жүйелерді ескірген нұсқаларын жоя отырып, Windows-10-ға жаңарту және 2020 жылдың аяғына дейін инвентаризация қорытындысы бойынша ескірген компьютерлер паркін ауыстыруды қамтамасыз ету керек», - деді Азамат Әмірғалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT