Биыл ақмолалықтар 5 млн тоннадан астам астық жинауды межелеп отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл ақмолалық диқандар 5 миллион тоннадан астам астық жинауды межелеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Биыл облыс бойынша 4,7  млн гектар алқапқа  егін егілген. Оның ішінде 4,3 млн гектары дәнді дақылдар, 279 мың гектары майлы дақылдар, 174,4 мың гектары мал азығы, 17,9 мың гектарға картоп және 4,1 мың гектарына көкөніс отырғызылған. Осы күні астықтың шығымы жаман емес. Әртараптандыру шеңберінде облыста соңғы жылдары пайдасы мол дақылдардың көлемі 400 мың гектарды құрады. Биылғы жылдың өзінде осындай дақылдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 150 мың гектарға ұлғайып отыр.

«Биыл облыс күзгі егін орағына толықтай дайын. Техникалық базаның да науқанға әзірлігі көңілден шығады. Жанар-жағар май мәселесі де шешілуде. Соңғы күндері ауа райы да жайлы болуда. Сол себепті күзде егін жинау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде аяқтауды жоспарланып отыр. Осы бағытта науқанға 8,5 мың комбайн тартылады. Оның ішінде 3,3 мыңы өнімділігі жоғары комбайндар. Жалпы, облыс диқандары биыл 5 млн тоннадан астам астық жинауды көздеп отыр», - деп көрсетілген хабьарламада.

Соңғы жаңалықтар