Биыл ақмолалық диқандар әр гектардан орташа есеппен 12,7 центнерден астық алуды көздеп отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. КазАқпарат - Биыл ақмолалық диқандар әр гектардан орташа есеппен 12,7 центнерден астық алуды көздеп отыр.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Есіл ауданындағы «Заречное» ЖШС-де өтіп жатқан агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кеңесінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша себілген 4,7  миллион гектар алқаптың барлығына дерлік астық жайқалып, бітік шыққан.

 «Ағымдағы жылы ылғалдың мол түсуінен егін жақсы шықты. Облыстағы барлық аудандарда егін жайқалып тұр. Бұған әрине, шаруалардың агротехникалық шараларды тиісті деңгейінде жүргізуі де септігін тигізіп отыр. Сол себепті, облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының науқанға машина-трактор паркінің мен жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтамасыз етілуінің арқасында науқанды мерзімінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алдағы күндері ауа райы жайлы болса, онда әр гектардан орташа 12,7 центнерден астық алынады», деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар