Биыл ақмолалық диқандар 5,5 миллион тонна астық жинауды межелеп отыр

None
None
КӨКШЕТАУ. КазАқпарат - Биыл ақмолалық диқандар 5,5 миллион тонна астық жинауды межелеп отыр.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Есіл ауданындағы «Заречное» ЖШС-де өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің кеңесінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 4,7  миллион гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірілген. Осы күні астықтың шығымы жаман емес көрінеді.

 «Биыл облыс күзгі егін орағына толықтай дайын. Техникалық база науқанға 100 пайыз әзір. Жанар-жағар май мәселесі де шешілуде. Соңғы күндері ауа райы да жайлы болуда. Сол себепті қоңыр күзде егін жинау жұмыстарын 20 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.Осы бағытта науқанға 8445 дала кемесі тартылады. Оның ішінде 2658-ы өнімділігі жоғары комбайндар. Сонымен қатар, лицензия бар 62 астық сақтау кәсіпорындарыны бар. Олар 3,9 миллион тонна астықты қабылдауға дайын. Жалпы, облыс диқандары биыл 5,5 миллион тонна астық жинауды көздеп отыр», - деді М.Балпан.

Соңғы жаңалықтар