Биыл ақмолалық диқандар 4,5 миллион тонна астық жинауды көздеп отыр - Аманбек Қалжанов

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Биыл ақмолалық диқандар 4,5 миллион тонна астық жинауды көздеп отыр. Бұл туралы Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» ЖШС-де 2014 жылғы егін жинау жұмыстарын ұйымшылдықпен және сапалы өткізу туралы семинар-кеңесі барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша 4,7 миллион гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірілген. Астықтың шығымы да жаман емес көрінеді.

«Биыл облыс күзгі егін орағына толықтай дайын. Техникалық база науқанға 100 пайыз әзір. Жанар-жағар май мәселесі де шешілуде. Тек, ауа райы кішкене қолайсыздық танытып отырған жайы бар. Сол себепті қоңыр күзде егін жинау жұмыстарын 10-12 күнге кеш, яғни қыркүйектің 5-і күндері бастап, 30-40 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.Осы бағытта науқанға 8592 дана дала кемесі тартылады. Оның ішінде 1106-ы өнімділігі жоғары комбайндар. Сонымен қатар, лицензия бар 58 астық сақтау кәсіпорындарыны бар. Олар 3,8 миллион тонна астықты қабылдауға дайын. Жалпы, облыс диқандары биыл 4,5 миллион тонна астық жинауды көздеп отыр», - дейді А.Қалжанов.

Соңғы жаңалықтар