Биыл Ақмола облысында бір мың шақырым жол жөнделеді
2022 жылғы 27 маусым 16:52

Биыл Ақмола облысында бір мың шақырым жол жөнделеді

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында бір мың шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, өңірде көлік коммуникацияларын тиісті жағдайда ұстау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Қалалар мен аудандардағы жергілікті маңызы бар, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар автожолдар жөнделмекші.

«Өткен жылы жергілікті маңызы бар автожолдарды салуға, жөндеуге 232 жоба бойныша 38 млрд теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 172 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Облыстық, аудандық маңызы бар 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі жөнделді. Биыл 1 мың км жол желісін жақсартуды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 87 пайызға жетеді», - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Айта кетсек, 2016 жылдан бастап жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының көлемі 4 есеге артты. 7 жыл бұрын жылына 162 шақырым жол жөнделсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 790 шақырымды құрады.

Еске сал кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысындағы егістік жер көлемі 5,1 млн гектарға жеткенін жазған болатынбыз.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT