Биыл Ақмола облысында астық сапасы жоғары болды - Ермек Маржықпаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылы дақылдарының барлық түрі бойынша жақсы өнім жиналғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аграрлық сектор, өнеркәсіппен қатар өңір экономикасының негізі болып қалуда. Биылғы жылы мемлекеттік қолдау ретінде шамамен 74 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында, ақмолалық диқандар егін жинау науқанын белгіленген мерзім ішінде өткізді, ауыл шаруашылы дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім жинап алдық», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол 5,2 млн тонна астық жиналғанын атап өтті.

«Бұл ретте, санаттылығы мен дән маңыздылығы бойынша егін сапасы өткен жылға қарағанда жоғары», - деді Ермек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар