Биыл Ақмола облысында 78 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 78 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, елімізде 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде өңірде ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Биыл облыс бойынша 78 ауыл шаруашылығы кооперативін құрк жоспарланған. Оның 48-і ет бағытындағы да, 30-ы сүтті бағыттағы. Қазірдің өзінде Ерейментау ауданында-12, Жақсы ауданында-7, Зеренді ауданында-6, Атбасар, Есіл және Шортанды аудандарында 4 кооперативтен құрылып отыр. Бұл құрылатын кооперативтердің 30 сут қабылдайтын пунктерді ашуға бағытталып отыр. Бұл бағытта Атбасар, Бурабай, Жақсы және Зеренді аудандары жоспарды орындап отыр», дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, облыста 3040 бас ірі қараға арналған 320 мал бордақылау алаңын ашу жоспарда бар. Бұл бағытта қазіргі таңда 220 бас ірі қара сатып алынған. Оған қоса, сүт бағытында 678 бас сауын сиырлары сатып алынды. Осы орайда, 293 және 266 бас ірі қара сатып алған Зеренді және Атбасар аудандары белсенділік танытып отыр.

Жалпы, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдау үшін облысқа 2 миллиард 12 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ (1 миллиард 185 миллион 137 мың) және «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ (826 миллион 863 мың) арқылы бөлініп отыр. Сондай-ақ, осы бағытта ауылдағы тұрғындарды несиелеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ Ақмола облыстық филиалының 1,3 миллиард өз қаржысы бар екенін айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар