Биыл Ақмола облысында 715 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 715 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні өңірде 27 мың мүгедек тұрып жатса, оның 18 462-і еңбекке жарамды. Сондай-ақ оның 4768-і жұмыссыз жүргендер қатарында. Дегенмен ағымдағы жылдың І тоқсанында облыс бойынша 120 мүмкіндігі шектелуі жан жұмысқа орналастырылып үлгерген. Осы орайда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу жағынан Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Бурабай аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалалары белсенділік танытып отырғанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ облыстың әр өңірінде ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесіне 211 мүгедек қатысып, 38-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдар мен жеке секторлар арасында мүгедектерді жұмысқа орналастыру жөнінде 244 меморандум жасалған.

Соңғы жаңалықтар