Биыл Ақмола облысында 148 шақырым жол жөнделеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында 148 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Жалпы ұзындығы 148 шақырым автожолда 2 жол өтпесі, 2 су өткізгіш құбыр және 2 бағдаршам орнатылады.

Компаниясының мәліметінше, бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгіш құбырларды орнату, жол жиегін бекіту мен жол белгілерін орнату жұмыстары бірнеше учаскеде жүргізіліп жатыр. «Көкшетау - Атбасар» 102-158 км, «Көкшетау-Рузаевка» 20-40 км, «Макинск-Ақсу-Торғай» 0,95-22,95 км, «Макинск-Ақсу-Торғай» 203-214, 220-221 км, «Нұр-Сұлтан- Ерейментау-Шидерті» 130-162 км, «Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 9-22,9 км, «Нұр-Сұлтан - Петропавловск-Бурабай» 10-21 км, «Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 46,2-52 км, М-36 «(Екатеринбург) - Алматы» 1 232-1 246 км.

Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар «Көкшетау қаласын айналып өту» 15 км мен «Көкшетау-Рузаевка» 9 км орналасқан 2 жол өтпесін жөндейді.
null

«Нысанда өтпелі плита, тосқауыл қоршау, деформациялық жіктер ауыстырылып, жол өтпесімен түйісетін жол жабынындағы кемшіліктер жойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташа жөндеу жұмыстарының 60% аяқталған», делінген хабарламада.
null

Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлық жөндеу жұмыстары толық және уақытылы жүзеге асырылуда.
null

Соңғы жаңалықтар