Биыл Ақмола облысында 104 етті және 11 тауарлы сүт фермасы ашылады

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл жалпы құны 36,9 миллиард теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірде 4,5 мың және 2,4 мың ірі қара мал сатып алу арқылы 104 етті және 11 сүтті-тауарлы ферма ашылады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Еркеш Әленов мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, Ақмола облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы дамыған өңірлер саналады, ондағы жалпы өнім көлемінің үлесі 10 пайызды құрайды.

Өткен жылдың күрделі климаттық жағдайларына қарамастан, облыс диқандары әр гектардан 9,1 центнерден алғанда 4,1 миллион тонна астық жинады, бұл ретте егіннің сапасы 2020 жылға қарағанда жоғары.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 141 мың тонна майлы дақылдар, 268 мың тонна картоп және 48 мың тонна көкөніс жиналды.

Өңірдің агроөнеркәсіп кешені тұқымға, мал азығына, азық-түлік және жемге ішкі қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етті.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Инвестиция көлемі 101,4 милиард теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 1,5 есе жоғары (2020 жылы - 62,1 млрд теңге). Бұл ретте, барлық қаражат-жеке инвестициялар үлесінде. Өсім жалпы құны 30,7 миллиард теңге болатын 45 инвестициялық жобаны іске қосу есебінен, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 63 миллиард теңге сомасына 2,2 мың бірлік көлемінде ауыл шаруашылығы техникасын (астық жинау комбайндарын) сатып алуы есебінен қамтамасыз етілді», - деді Е.Әленов.

Басқарма басшысы атап өткендей, мал шаруашылығы саласында өнім өндірісінің 11,6 пайызға өсуіне қол жеткізілді, бұл республика бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

Өсім ет өндірісінің 25 пайызға, сүт 0,4 пайызға, сиыр басы 1,7 пайызға, қой мен ешкі 1,9 пайызға, құс 5 пайызға (9,4 млн.басқа дейін) ұлғаюымен байланысты.

«Өңірде ет және сүт шаруашылығы да қарқынды дамуда. Облыстың әр ауданда кезең-кезеңімен ет және сүт фермаларын ашу бойынша табысты жұмыстар атқарылуда. 2021 жылы өңірде 6,4 мың басқа арналған 125 ет фермасы және 2,3 мың басқа арналған 19 ет фермасы ашылды. Импортты алмастыру аясында етті құс шаруашылығы да дамуда. Өткен жылы Аршалы ауданында қуатты жылына 6 мың тонна ет (7 млрд.теңге) өндіретін «Ақ-дала Агро» ЖШС-де ірі құс фабрикасының үшінші кезеңінің құрылысы аяқталды», - деп қосты Е.Әленов.

Азық-түлік өндірісінің жыл сайынғы өсуінің арқасында облыс астананы ұнмен 100 пайызға, сүт және ет өнімдерімен 32 пайызға, жұмыртқамен 83 пайызға, тиісінше картоп пен көкөніспен 90 және 30 пайызға қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіп кешені саласында қол жеткізілген нәтижелер көп жағдайда мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды, оның көлемі 2021 жылы 76,7 милллиард теңгені, оның ішінде қайтарымсыз қаражат - 46,7 миллиард теңгені құрады.

2022 жылы агроөнеркәсіптік кешендегі өсім мал шаруашылығын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімін жедел дамыту есебінен 2021 жылдан төмен емес деңгейде қамтамасыз етілетін болады.

«Биыл жалпы құны 36,9 миллиард теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Өңірде 4,5 мың және 2,4 мың іра қара мал сатып алу арқылы 104 етті және 11 тауарлы сүт фермасы ашылады», - деп түйіндеді Е.Әленов.


Соңғы жаңалықтар