Биыл Ақмола облысында 100 мыңнан астам бала жазғы лагерьде демалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Биыл Ақмола облысында 100 мыңнан астам бала жазғы лагерьде демалатын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасының мəліметі бойынша, биылғы жылы облыста бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін оқып, білім алып жатқан 110 480 оқушы бар. Күні бұрын екшеліп, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жасаған жоспарларына сәйкес, балалардың жазғы демалысы кезінде 107 228 оқушыны қамту көзделіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, аздаған, 0,7 пайыз өсім бар. Ал, еңбекке баулу ісімен 93 900 оқушы қамтылмақ.

Осынша оқушыға жазғы демалыстары кезінде 17 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталықтары қызмет көрсетеді.

Биыл 20 бала «Бөбек» сауықтыру орталығында денсаулықтарын нығайтады, 85 оқушы Бурабай баурайындағы республикалық оқу-сауықтыру орталығында кезекпен демалады. Жетпіске жуық оқушы Қапшағай қаласындағы сауықтыру орталықтарына бармақшы.

Үстіміздегі жылы экология, жас орманшы тәрізді лагерьлерде 93 900 оқушыны қамту жоспарланған. Оның үстіне балалардың жазғы демалысы кезінде әрқилы үйірмелер мен 98 аула клубы жұмыс істейді. Оған қоса, «Жас ұлан», «Жас қыран», олимпиада резервтері мектептерінің жазғы демалыс лагерьлері, 314 тіл үйрететін лагерьлер жұмыс істейді.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша «Ұлы дала елі» экспедициясы ұйымдастырылмақ

Соңғы жаңалықтар