Биыл Ақмола облысында 1,4 млн жолаушы тасымалданды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында биылғы жылдың он айында 1 миллион 444 мың жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, жолаушылар тасымалы тұрақты 212 бағытта жүзеге асырылады. Оның ішінде 63 қалаішілік, 31 қала сыртында, 59 облысішілік, 33 ауданішілік, 19 облыс аралық және 7 халықаралық бағытта.

Облыс тұрғындарының қатынауына Көкшетау, Степногорск және Щучье қаласындағы 3 автобус вокзалы мен Атбасар және Макинск қаласындағы автостансалары қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Ақкөл, Степняк, Есіл және Ерейментау қалалары мен Жақсы және Астархан ауылдарында жолаушыларға қызмет көрсететін 6 пункті бар. Осындай жаңа пункт ағымдағы жылы Балқашин ауылында ашылды. Биылғы жылдың соңына дейін жаңа пунктер Бурабай кенті мен Қорғалжын ауылында ашу жоспарланған.

Облыс бойынша қалалық автобус бағыттарында тұрғындардың қоғамдық көлікте жүруақысының қолжетімділігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Оның құны 60-100 теңге аралығында. Ал, тұрақты қатынайтын облысаралық, ауданаралық бағыттарда жолақысы 1 жолаушыға/км 6,5-дан 10 теңгеге дейін. 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде инфрқұрылымды дамыту мембағдарламасы бойынша биыл екі елді-мекен автобус байланысымен қамтамасыз етілді.

«2019 жылдың басынан бері 499 елді-мекеннің 100 астам тұрғыны бар 438-і (88,6 пайызы) жолаушылар автокөлік байланысымен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні Ақмола облысында күнделікті 750 бірлік автобус пен шағын автобус жолаушылар тасымалымен айналысады. Оның 614-нің пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан», -дейді ведомвстводан.

Сонымен қатар, биылғы жылы электронды билет беру жүзеге асырылды. Оны Көкшетау қаласында «KoksheBusTolem» ЖШС жүзеге асырады. Жолаушылар қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Көкшетау автобус паркі» ЖШС елімізде құрастырылатын «YUTONG» маркалы 44 жаңа автобус сатып алды.

Бұдан бөлек, Ақмола облысы орталығында әуе қатынасы да дұрыс жолға қойылған. Биылғы жылдың басынан бері Көкшетау әуежайынан 9 677 жолаушы ұшқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға көп. Әуе ұшақтардың ұшу көрсеткіші 303 немесе өткен жылмен салыстырғанда 37 рет көп ұшқан.

Соңғы жаңалықтар