Биыл агроөнеркәсіп саласында 200-ден астам жоба іске асады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешені бойынша 180 инвестициялық жоба іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егін жинау нуқанына тоқталсам, биыл соңғы 10 жылда болмаған ең жоғары өнім алдық. 23 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары жиналды. Бұл былтырмен салыстырғанда 27 пайызға артық. Бидайдың жалпы түсімі 30 пайызға өсті. Көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі былтырмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Оған мемлекеттік қолдау шаралары да ықпал етті», - деді Р. Скляр.

Оның айтуынша, биыл егін егуге және оны жинауға 220 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат былтырға қарағанда 2 есе көп. Фермерлер 27 мың тонна арзан дизель отынын алды.

«Жыл басынан агроөнеркәсіп кешені бойынша 180 инвестициялық жоба іске қосылды. Олардың құны - 132 млрд теңге. Жыл соңына дейін жобалар санын 237-ге жеткіземіз», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар