Биыл Әділет министрлігіне саяси партия құруға қанша өтінім келіп түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев саяси партияларды құруға өтінім бергендерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында саяси партияларды құруға өтінім бергендерді тіркеуге қатысты сұрақ қойылды.

Соңғы айларда бірнеше өтінім келіп түскеніне тоқталған министр, «Халық дербестігі» бойынша өтінім қабылданды, кейіннен бастамашы топ съезд өткізбек болды. Дегенмен олар құжаттарды кейбір кемшіліктермен, яғни заңнамаға сәйкес келмейтін тәртіпте енгізді. Ал қалған бастамашы топтар бастапқы өтінімді құқықтық кемшіліктермен енгізді. Сондықтан олар тіркелмеді», - деді.

Кейіннен Әділет министрлігінің баспасөз қызметі 2021 жылдың басынан бірлестіктерден тек екі өтінім келіп түскенін нақтылады.

М. Бекетаев саяси партияларды құру туралы өтінімге ведомство жауап берген кезде бастамашы топтардың нақты қателіктері көрсетілетінін айтты.

«Көбіне тізімде Қазақстан азаматы емес адамдардың жеке мәліметтері өткізіліп жатады. Сонымен қатар, заңнама бойынша саяси партия құруға бастамашылық жасай алмайтын азаматтар анықталып жатады немесе қайтыс болған адамдардың мәліметтері кездеседі. Яғни бұл жиі кездесетін жағдайлар», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар