Биыл адам саудасына көмектесіп, қылмыскерлермен сыбайласқан 2 полицей ғана жазаланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов адам саудасына қатысы бар полиция өкілдерінің статистикасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбекті қанау мен жыныстық құлдықтың артында ұйымдасқан қылмыстық топтар ғана емес, құқық қорғау органдары да тұр. Ол ақпарат көбімізге мәлім, әлеуметтік желіде де бар. Басқаша айтсақ, учаскелік полицейлер, ішкі істер саласының өзге де құрылымдық бөлімшелері еңбек және жыныстық құлдыққа көз жұмып қана қоймай, сыбайласып отыр. Неше қызметкер осныдай қылмысы үшін ұсталып, қандай жауапкершіліккке тартылды?», - деп сұрады депутат Бақытжан Базарбек.

Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері мұндай қылмысқа қатысы бар үш қызметкер әшкере болған.

«Өкінішке қарай, осындай 3 факт болды. Екі қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Учаскелік инспектор санатындағы екі учаскелік полиция өкілі туралы айтып отырмын. Оның себебін тағы қайталап айтқым келеді - 2018 жылы ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарма қысқартылғна болатын. Былтыр жыл аяғына қарай осы құрылымды қалпына келтірдік. Қазір осы құрылымның функционалдық міндетіне адам саудасымен күрес те кіріп отыр. Әрине, бұл жерде аумақтық бөлімшелердің де міндеті бар. Тек облыстық департамент бастығының ғана емес, аудандық бөлімнің де, басқарма басшыларының да міндеті. Жеке құрамның заң мен тәртіпті сақтауына әрбір құрылым басшысы жауапты», - деді Ержан Саденов.


Соңғы жаңалықтар