Биыл Абай облысында 343,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Биыл жыл соңына дейін Абай облысында 343,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірдің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Қуатжанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл барлық қаржыландыру есебінен облыста 450,270 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде көп пәтерлі үй 324,200 мың шаршы метр немесе 3 683 пәтер. Ал жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 126,070 шаршы метр немесе 1 170 пәтер салынады», - деп жоспарлармен бөлісті басқарма басшысы.

Айдын Қуатжанұлының сөзінше, биыл жыл соңына дейін облыста 343,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

«Семей қаласында өткен жылы құрылысы басталған 18 несиелі тұрғын үй құрылысы бүгінде жалғасын табады. Осы жылы Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында 22 несиелі үйдің құрылысы және қалалық инвесторлар қаржыландыратын коммерциялық 26 көп қабатты үйлер жаңадан басталады.

Биыл жыл соңына дейін облыста 343,1 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар», - деді Айдын Қуатжанұлы.

Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін Семей қаласында 150 орындық оңалту орталығы мен Үржар ауданында дәрігерлік амбулатория бой көтеретінін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар