+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Биыл 730 шақырым теміржол жөнделеді

2019 жылғы 24 сәуір 22:27
Бөлісіңіз:
Биыл 730 шақырым теміржол жөнделеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы шамамен 730 км теміржол төсеніші жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда Қазалы, Бескөл, Жаңарқа және Маңғыстау жол дистанциялары учаскелерінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Қарағанды, Шу, Жамбыл және Арыс жол дистанциясы учаскелерінде күшейтілген орташа жол жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда», делінген хабарламада.

Жұмысқа заманауи жол техникалары тартылған.

Бүгінгі таңда шамамен 17 км жол күрделі, ал 9 км астам жол күшейтілген орташа жөндеуден өткізілді. RM шағылтастарды тазартушы машиналарымен 32,775 км көлеміндегі жұмыстар орындалды.

Толықтай алғанда, 2019 жылы 730 км астам жолды сауықтыру, соның ішінде шамамен 400 км күрделі, ал 200 бағыттамалы бұрма жөндеумен қамтылады. Сондай-ақ қолдан жасалған құрылғыларды ағымдағы, ал Семей - Жаңа - Семей учаскесіндегі темір көпірді күрделі жөндеу жоспарлануда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ, Логистика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT