Биыл 70 нысанды жекеге сату жоспарланып отыр – Қаржы министрі
2020 жылғы 11 тамыз 11:35

Биыл 70 нысанды жекеге сату жоспарланып отыр – Қаржы министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жекешелендірудің кешенді жоспары 93 пайызға орындалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік активтерді басқаруға тоқталсақ, 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93 пайызға орындалды. 2020 жылы 70 нысанды сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 40-ы сатылымға шығарылды.

Есепті кезеңде сомасы 88,4 млрд теңгеге 6 нысан сатылды. Сатылымда 34 объект тұр», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 4 нысан қайта ұйымдастыруға және таратуға бағытталған.

«26 объект жыл соңына дейін сатылымға шығарылатын болады», - деді Е.Жамаубаев.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT