Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді - ІІМ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміздің аумағында 23 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 7 айда 1 491 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 874 сату фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері еліміздің аумағында барлығы 4 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 келіден астам гашиш және 87 келі синтетикалық есірткі алынды», - деді департамент өкілі министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау мен Павлодар облыстарының аумағына каннабис тобының және синтетика есірткілерін жеткізумен әрі сатумен айналысып келген 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

«Синтетикалық есірткіге байланысты 890 қылмыс тіркелді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 23 есірткі зертханасы жойылды», - деді Данияр Оралов.


Соңғы жаңалықтар