Биыл 650-ден астам маңғыстаулық Отан алдындағы борышын өтейді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша Маңғыстаудан 18-27 жас аралығындағы 650-ден астам азамат әскерге аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы қорғаныс iстерi жөніндегі департаментінің бастығы Мақсат Тастанов мәлім етті.

«Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша 650-ден астам маңғыстаулық отан алдындағы борышын өтейді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты әскери қызметке шақыру мерзімі дәстүрлі форматқа оралды. Дегенмен әскерге шақырылған әр азамат ПТР тестін тапсырады»,-деді Мақсат Тастанов.

Мақсат Тастановтың айтуынша, жыл сайын әскерге аттануға үміт білдірген жастардың саны артып келеді.

Мәселен өткен жылы күз мезгілінде 1100-ге жуық сарбаз әскерге аттанған.

Биыл ниет білдірушілердің саны 1200-ден асқан.

Айта кетейік, сарбаздарды әскер қатарына қабылдау кезінде тәртібіне, денсаулығына баса назар аударылады.

Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі.



Соңғы жаңалықтар