Биыл 576 ауылда 1 100-ден аса жоба жүзеге асырылады – Ұлттық экономика министрлігі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді, ескілері жөнделеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, елде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.

Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.

«Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4300 жас маманды ауылдық елді мекенге тарту жоспарланған»,-дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.


Соңғы жаңалықтар