Биыл 560-тан астам жылу қазандығы жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 560-тан астам жылу қазандығы жөнделеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтті. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілді. 2018 жылға белгіленген энергия кәсіпорындарының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды. Электр стансалары бойынша 8 энергоблок, 56 қазандық және 44 турбина жөнделді. Сондай-ақ 28,3 мың км электр беру желілері мен орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 508 қазандыққа жөндеу жүргізілді. Республиканың біртұтас электр энергетикалық жүйесінде ірі технологиялық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

"Жылу беру кезеңінде электр стансаларындағы электр генерациясының толық төмендеуінің 13 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылғы деңгейден екі есеге аз, олар нормативтік мерзімде қалпына келтірілді", - деді ол.

Вице-министр дерегінше, электр стансаларының жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 60 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылғы деңгейден 5 жағдайға аз. Ағымдағы жылғы мамырдың басында энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 115 мың тонна мазут жинақталған. Бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

"Жүйелік оператормен бекітілген Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр стансаларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес биыл 11 энергоблокты, 63 қазандық, 46 турбинаны жөндеу жоспарланған. 2109 жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінде 1 энергоблок, 9 қазандық және 12 турбина жұмыстары аяқталды. Әр түрлі жөндеу сатыларында 6 энергоблокта, 20 қазандық пен 7 турбинада жұмыстар жүргізілуде", - деді вице-министр.

С.Есімхановтың атап өтуінше, 2019 жылы орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын 561 қазандықты жөндеу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар