Биыл 5 мыңға жуық алматылық баспаналы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 5 мыңға жуық алматылық баспаналы болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары мен Бес әлеуметтік  бастамасы аясында тұрғын үй-құрылыс жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілуде. Мысалы «Нұрлы жер» аясында  биылғы жылы 4830 отбасы жаңа пәтер алады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 пайызға артты», - деді ол.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілген. 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.

«7-20-25» бағдарламасына республика бойынша келіп түскен өтініштердің 30 пайыздан астамы Алматыға тиесілі. Соның жартысы, яғни жалпы сомасы 10,9 млрд теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Мұнан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға  берілмек», - деді Алматы әкімі.
null 

Бауыржан Байбектің атап өтуінше, бұл бағдарламалардың барлығы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

«Нәтижесінде осы жылдың өзінде 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Соңғы 3 жылда 800 шақырым инженерлік желі жөнделіп, 500 шақырымға жуық жол салынды және жөндеуден өтті. Сонымен Алматы Елбасының жеке қолдауының арқасында ірі мегаполис ретінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қарқынды  даму үстінде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар