Биыл 405 адам суға кетті - Юрий Ильин
2021 жылғы 6 желтоқсан 18:25

Биыл 405 адам суға кетті - Юрий Ильин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміздің су айдындарында 134 бала қаза тапты. Бұл туралы Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде халықтың шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. Осы су айдынының аз ғана бөлігі бақыланады және біздің бөлімшелеріміздің жауапкершілік аймағында орналасқан. Шомылу маусымында БАҚ арқылы халықпен алдын алу жұмыстары жандандырылады, су айдындарындағы демалыс орындарында рейдтер, патрульдеу жүргізіледі, су айдындарының жекелеген учаскелерінде мобильді құтқару бекеттері қойылады. Шомылуға тыйым салынған орындарда тыйым салатын және ескерту белгілері (6 836) орнатылады. Биыл еліміздің су айдындарында 405 адам (оның ішінде 134 бала) қаза тапты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,1 % - ға төмен. Алайда балалар өлімінің өсуі 20,7% - ды құрады», - деді Ю. Ильин.

Оның айтуынша, балалардың судағы өлімі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың өлімінің себептері - балаларды қараусыз қалдыру және жеткіншектердің бос уақытын ұйымдастырудың болмауы.

«Су айдындарында қаза тапқандардың 97%-ға жуығы ТЖМ құтқару бөлімшелері жоқ жабдықталмаған орындарда болады. ТЖМ күшімен 337 адам құтқарылды, оның ішінде 64-і бала. Аса қауіпті учаскелерде 59 маусымдық мобильдік құтқару бекеті қойылды», - деді министр.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT