Биыл 40 мың жер теліміне инженерлік коммуникациялар тартылады -ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 40 мың жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар тартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағытына жыл сайын республикалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлініп, аймақтар арасында тең үлестіріледі. Аталған бағыт аясында 2017  жылы аймақтарда 5391 пәтерлік сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы басталды. Оның ішінде 2620 пәтер пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы да бағдарламаның бұл бағыты бойынша 177 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. 2018 жылы республикалық бюджеттен 26,9 млрд теңге бөлу ескерілген. 1 мамырдағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдарға 5,4 млрд теңге аударылып, 5 млрд  теңге немесе 92,5  пайызы игерілді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында  2017 жылы 70 мыңнан астам жер учаскелеріне инженерлік коммуникациялар тартылды. 54 мың учаске ертерек берілсе,  16 мың учаске жаңадан беріліп отыр.

«Ағымдағы жылы инженерік коммуникациялармен шамамен 40 жер учаскесі қамтамасыз етіледі. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында ілкі жобаларды іске асыру қарастырылған. Ілкі жоба бойынша, 14 аймақта 2416 үй құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Оның ішінде 2017 жылы 184 үй, оған қоса Ақтөбе облысында 124 үй, Қостанай облысында 40 үй, Солтүстік Қазақстан облысында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал қалған өңірлер бойынша жобалық-сметалық құжаттар және егжей-тегжейлі жобалау жоспарын жасау, жер телімін бөлу және жоспарлау жұмыстары басталып кетті», - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, тұрғын үй жинақтау жүйесіне арналған кредиттік тұрғын үй құрылысына әкімдіктер «Бәйтерек» холдингінің бағалы қағаздарын шығару арқылы қаражат тартады.

«2 жыл сайын айналымдағы қайтарылған қаражаттар 277 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл қаражаттар алдыңғы  тұрғын үй бағдарламаларының 3 операторларына бөлінген болатын. Оның ішінде 113 млрд теңге «Бәйтерек» холдингіне, 97 млрд теңге «Жылжымайтын мүлік қорына», 67 млрд теңге әкімдіктерге тиесілі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша әкімдіктер 570 мың шаршы метр тұрғын үй салынды», - деді Қ.Өскенбаев. 

Фото: ibrus.ru

Соңғы жаңалықтар