Биыл 4 облыстың шекара маңындағы елді мекендерінде мемлекеттік радио хабар тарата бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл еліміздің 4 облысындағы көрші мемлекеттермен шекаралас қоныстанған елді мекендерінде мемлекеттік радио хабар тарата бастайды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, халықты отандық теле-радио хабарларымен қамту мақсатында спутник және эфирлік цифрлық телехабарды енгізу және дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Цирфлық-эфирлік телевизия шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандардағы тұрғындардың отандық телеарналарды үздік сапада көруіне мүмкіндік береді. Бұл ретте балама хабар таратуды өшіріп, цифрлық хабар таратуға көшу 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

«Ең бірінші болып Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы толықтай көшті. Биыл Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарын цифрлық хабар таратуға көшеді. Бұл жұмыстарды бүкіл республикада 2021 жылы аяқтау жоспарланған», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар ол мемлекеттік радио стансалардың хабар тарату аумағын ұлғайту бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.

«Бұл ретте шекара маңыздағы аудандарға айрықша назар аударылады. Бүгінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 12 шекара маңындағы елді мекендерінде 300 мыңнан астам адам мемлекеттік радио стансалармен қамтылды. Осы жылдың соңына дейін Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тағы шекара маңындағы 5 елді мекенінде мемлекеттік радионың хабар таратуын іске қосу жоспарланған», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар