Биыл 4 млн тонна астық сатуымыз қажет – Серік Жұманғарин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл еліміз 4 млн тоннаға дейін астық экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өткен Қазақстан-Тәжікстан бизнес форумы аясында БАҚ өкілдері вице-премьерден биыл еліміз қанша тонна астық экспорттауды жоспарлап отырғанын сұраған еді.

«Бізге 3-4 тонна сату қажет. Бұл - анық», - деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар ол өнімдерді, бірінші кезекте аргоөнеркәсіп өнімдерін сату үшін жаңа бағыттарды игеру жоспарда бар екенн атап өтті. Айтуынша, Қазақстан Түрікменстан арқылы жаға бағыттар ашу үшін Ауғанстанмен келіссөз жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Өзбекстан арқылы да екі стансасын пайдалану көзделуде.

«Қазіргі уақытта Дарбаза-Мақтаарал темір жолын салып жатырмыз. Таяуда ғана ол жерде болдым. Бұл ең елдымен, өңірді дамытуға серпін береді, екінші бағыттарды әртараптандырады. Сарыағаш торабы жүктемесі өте үлкен. Ал Дарбаза-Мақтаарал Өзбекстанға басқа жолмен біруге, одан ары Тәжікстанға шығуға мүмкіндік береді. Жол 2025 жылы салынады», - деді вице-премьер.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан тең жағдайда келіссөз жүргізіп жатыр. Өйткені, екі ел де тауар транзитіне мүдделі.


Соңғы жаңалықтар