+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Биыл 318 қауіпті өндіріс ошағы жұмысын тоқтатты  - Төлеген Оспанқұлов

2021 жылғы 22 қазан 15:10
Бөлісіңіз:
Биыл 318 қауіпті өндіріс ошағы жұмысын тоқтатты  - Төлеген Оспанқұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика кәсіпорындарында 15 мың өндірістік кеңестің араласуымен 318 қауіпті өндіріс көзі жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Еліміздің 2,7 мыңнан астам кәсіпорны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. Республика кәсіпорындарында 15 мың өндірістік кеңес жұмыс істейді. 2020 жылы техникалық инспекторлар еңбек жағдайлары бойынша 64 039 тексеру жүргізді. Оның барысында 118 912 бұзушылық анықталды. Оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша – 42 704 іс тіркелді. Ұйымда еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған 34 434 ұсыныс беріліп, 318 жабдық, машина, жұмыс орындары мен өндірістік цехтардың жұмысы тоқтатылды», - деді Төлеген Оспанқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш өндірістік кеңестер тиімді екенін көрсеткен.

«Олар анықтаған бұзушылықтарды жою нәтижесі өндірістік жарақаттануды болдырмауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етті», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT