Биыл 3 млн 770 мың адам дәрі-дәрмекпен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының кадрлық әлеуеті - шамамен 90 мың. Қазіргі таңда 23 мың дәрігер жұмыс істейді. Бүгінде бір жалпы практика дәрігеріне жүктеме - орта есеппен 1 830 адам. Сонымен қатар, медициналық көмектің тиімділігін арттыру үшін учаскелік дәрігерден басқа оның екі-үш орта медицина қызметкерінен, әлеуметтік қызметкерден, медициналық психологтан, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейінді мамандардан тұратын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің учаскелік мультипәндік бригадасымен көмек көрсетіледі», - деді Ажар Ғиният.
Бұл ретте ол медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің учаскелік қызметкерлер мен онкологтарды материалдық ынталандыру үшін әрбір пациентке бекітілген халықтың ынталандырушы компонентін ұлғайту жоспарда бар екенін айтты.
«Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жыл сайын артып келеді. Мәселен, егер 2019 жылы 45 нозология бойынша 2 млн 281 мың адамды қамтысақ, қазір 3 млн 771 мың адамды қамти отырып, 176 ауруға дейін кеңейтілді. Бұл әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында мүмкін болып отыр», - деді ол.